Қор жайлы

Қазақстандық ірі компаниялардың қоғамның әлеуметтік аспектілеріне қатысуы одан бетер маңыздырақ болып, қоғамдық мәселелер шешімінің тәжірибелік және ұзақ уақыттық құралына айналуда.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы өз  қызметі арқылы Қазақстан Республикасы халқын барынша көп пайдасымен қамтамасыз ету мақсатында Компания қызметкерлері, аймақ тұрғындары мен қоғамды қоса, олардың өміріне деген әлеуметтік-жауапкершілік қатысуы бойынша өз тарапына ерікті міндеттемелер жүктеді.

Жоғарыда аталған мақсаттарды іске асыру барысында 2008 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қоры құрылды.

Қор бейкоммерциялық ұйым болып табылады және өз қызметін ерікті қайырымдылық пен заңды/жеке тұлғалардың қайырымдылық (демеушілік) көмектері арқылы жүзеге асырады.

Қордың ең маңызды тапсырмалары әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарға, яғни көпбалалы отбасылардың, балалар үйінің, аймақтық мектептердің балаларына, ардагерлер, қарттар мен мүгедектерге көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік бағдарламалар, қайырымдылық кештер мен жобалар өткізу болып табылады.

2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін біздің Қор:

әлеуметтік тұрғыдан маңызды жобалардың үздіксіз жүйесін құрды;
ауыр сырқатты балалардың денсаулығының жақсаруына мүмкіндік берді;
тұрғындардың (жағдайы төмен, көпбалалы және толық емес отбасылар, ҰОС ардагерлері мен зейнеткерлер) әлеуметтік-экономикалық өмірінің жақсаруына жәрдемдесті;
қаржыландырудың ашықтығын қамсыздандырды;
әр жобаның нәтижелілігін жоғарылатты.

Оқиғалар күнтізбесі

Жақын арада ешқандай оқиғалар жоқ

Оқиғалардың толық күнтізбесі