Корпоративтік еріктілер


«Әлеуметтік жобалардың қоры» корпоративтік қоры негізінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының қызметкерлеріне бірінші кезеңде корпоративтік еріктілерді дамытудың жаңа бағдарламасы енгізілді. «Самұрық-Қазына Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры демеушілік көмек көрсетеді. Кейінірек ҚТЖ үлгісінде «Самұрық-Қазына» АҚ –ның бүкіл тобы бойынша қызметкерлерді қамту жоспарлануда, ал үйлестірушісі «Әлеуметтік жобалардың қоры» корпоративтік қоры болады.
Бұл бағдарлама азаматтардың қалыптасуына, олардың азаматтықты білдіруіне, өзін-өзі ұйымдастыруына, әлеуметтік жауапкершілік сезімін дамытуға және елде болып жатқан істерге араласуға, қоғамдағы өзара көмек пен қайырымдылықты дамытуға ықпал етеді.
Еріктілер топтары өңірлер бойынша құрылады, олар келесі бағыттар бойынша жұмыс істейтін болады:
- қарт адамдарға қолдау көрсету;
- аз қамтылған, көп балалы отбасыларға көмек көрсету;
- краудфандинг (аз қамтылған күрделі аурулармен ауыратындарды емдеу және оңалту үшін қаражат тарту);
- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды ұйымдастыру;
- мәдени ұйымдарды қолдау;
- мүгедектігі бар балалар мен ересектерге арналған іс-шараларды қолдау және ұйымдастыру, т.б.
Аймақтар бойынша іске асыру үшін волонтерлердің ең жақсы жобалары іріктеліп алынады, олар кейін қаржыландырылады, содан соң барлық қатысушылар жиналады және нәтижелер үздік жобаларды марапаттаумен қорытындыланады.
Қаржыландыру. «Самұрық-Қазына Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаражаты есебінен.
 

Оқиғалар күнтізбесі

Жақын арада ешқандай оқиғалар жоқ

Оқиғалардың толық күнтізбесі