Балаларға спорт сыйлайық

  


«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Әлеуметтік жобалар қоры» Корпоративтік қорының қайырымдылық жобаларының бірі - «Балаларға спорт сыйлайық» акциясы, оның мақсаты балалар үйлері мен мектеп-интернаттарында тәрбиеленетін балаларға «Барыс» хоккей клубының матчтарына билеттер табыстау болып табылады. 2017 жылдың 3 қарашасында «Барыс» хоккей клубымен бірлесіп, Астана қаласының балалар үйінің тәрбиеленушілері Барыс-Витязь (3-қараша) және Барыс-ЦСКА (5 қараша) хоккей матчтарын көруге Барыс-Арена көпфункционалды кешеніне барды, «BP-Invest Group» ЖШС ұсынған клаб-сэндвичтер мен сусындардың арқасында балаларға арналған швед үстелі ұйымдастырылды, балаларға «Барыс» хоккей клубының үздік шабуылшысы Мэтью Фраттиннің жеке қолтаңбасы бар фотосуреттер табыс етілді және онымен бірге жалпы фотосурет ұйымдастырылды.
Аталған акция шеңберінде 2017 жылдың қыркүйек айында «Барыс» хоккей клубымен бірлесіп «Барыс-Сибирь» (17.09.17) және «Барыс-Динамо Мәскеу» (23.09.17) хоккей ойындарына Астана қаласының Балалар үйінің тәрбиеленушілері барған болатын, ал «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Барыс-Арена» мұз айдынына трансферді  ұйымдастырды. Балаларымыздың жүздерінен керемет ойыннан және бүкіл жобадан алынған эмоциялар мен қуанышын байқамау мүмкін болмады.
  

Оқиғалар күнтізбесі

Жақын арада ешқандай оқиғалар жоқ

Оқиғалардың толық күнтізбесі